АЛТЫТАРМАҚ -қазақ поэзиясында лирикалық өлеңдерінде жиі қолданылатын шумақ өрнегі. Мыс., Абайдың «Бай сейілді» өлеңінің шумағы аралас буынды тармақтардан (4 буын және 7 буын) құрылған: «Бай сейілді, Бір бейілді, Елде жақсы қалмады. Елдегі еркек, Босқа селтек, Қағып елін қармады». Кейін 7-8буынды өлшеммен жазылған өлеңдерде де қолданылатын болды. Мыс., «Аспанменен тірескен, Тәңіріменен тілдескен, Көкшетауым біп-биік. Қою қара көк бұлт, Жайнап, ойнап құлпырып, Көкшетауды сүйіп тұр» (Мағжан).