АЛТЫ БУЫНДЫ ӨЛЕҢ -әр тармағы үш буынды екі бунақтан құралатын (3 буын -3 буын) өлең өлшемі. Абайдан бастап қазақ поэзиясында кең қолданылып келеді. Мыс., Абайдың «Көзімнің қарасы»өлеңіндегі «Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы, Бітпейді іштегі Ғашықтың жарасы» деген шумақ А. ө-нің озық үлгісі болып табылады.