АЛТАЙСКИЙ Константин Николаевич (13.12.1902. қазіргі Куйб-шев обл. Сызрань қ. -14.1.1978. Мәскеу) -жазушы. аудармашы. 1920 -36 ж. Ресейдегі «Сызраньский коммунар», «Вятская правда»,»Правда» газеттері редакцияларында әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. Осы кезеңде «Буденновка» (1927), «Тұңғыш борозда» (1930),»Егіс майданының ері» (1932) жыр жинақтары жарық көрген. Кейін «Матрос Железняк» романы (1960), «Ерлік» повесі (1965) т.б. кітаптары жарияланды. 1936 ж. Қазақстанға қоныс аударып, Республика мәдени өміріне белсене қатысты. Қазақ ақындарының шығармаларын орыс тіліне аударды («Қазақстан ақындары» М.. 1936; «Дала жыры» 1958). Жамбылдың шығармаларын орыс тіліндежариялады(М.. 1966; А.. 1972),»Даладағы дабыл» романын (1961. М.Қаратаевпен бірге),»Жерұйыққа саяхат» (1971),»Жиделібайсын жерінде» (1977) публицистикалық кітаптарын, «Бақсы» әңгімесін (1960) жазды. «Менің Қазақстаным» (1958),»Қазақстан жұлдыздары» (1974),»Күн күркірегеннен кейін» (1957)поэзиялық жинақтары Қазақстан тақырыбына арналған. Жамбыл туралы «Ақынның өмірбаяны» (1936)»Жабайдың ұлы Жамбыл» (1974) атты кітаптарын жариялады.