АЛТАЙБАЕВ Жүсіпбек (5.1.1911, Жезқазған обл., Шет ауд., 10 а. -28.10.1987. Алматы)-жазушы. КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген ( 1960). 1933-41 ж.»Лениншіл жас»(қазіргі «Жас Алаш») газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі, жауапты хатшы, редакторы, 1941 -61 ж. «Октябрь балалары» (қазіргі «Ұлан») газетінің жауапты хатшысы, «Вожатый» журналының редакторы, «Комсомол» баспасының бас редакторы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің жауапты хатшысы, Талдықорған обл. «Сталиншіл» (қазіргі «Жерұйық»), Семей обл. «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») газеттерінің редакторы, ҚазТАГ-тың директоры, Қазақстан Журналистер одағының жауапты хатшысы, Қазақстан Телевизия және радиохабары жөніндегі мемл. к-ті төрағасының орынбасары, 1961 -71 ж. «Ара» -«Шмель» журналының бас редакторы қызметгерін атқарған. Алғашқы сатиралық әңгімелер жинағы «Нақ-нақ» 1965 ж. жарықкөрді. «Сыпырғыш» (1969), «Ұят-ай» (1973), «Түлек» (1977), «Бұзаулы сиырға арзан домбыра» (1978) т.б. кітаптары бар. А. аударма саласында өнімді еңбек етгі. Орыс жазушылары Н.Гогольдің «Диканька хуторы маңындағы кештер» повесін,И. Тургеневтің «Қарсаңда», М.Горкийдің «Форма Гордеев», И.Ильф пен Е.Петровтың «Алтын баспақ»,»Он екі орындық»,италиян жазушысы Р.Джованьолидің»Спартак» романдарын қазақ тіліне аударды. «Құрмет белгісі» орденімен 3 рет және медальдармен марапатталған.