Алматы қаласында қазір Медеу мұз айдыны орналасқан шатқал (ол кезде «Кімасар» шатқалы аталған). Медеу Пұсырмановтың қыстауы болған. Заманына лайық білімі ғана емес, өмірден тоқығаны бар Медеу қажылыққа барып келген. Осы шатқалға шырша отырғызуды бастаған да сол кісі деседі.
1972 жылы Медеудің ұлы Нүсіпбек Медеу мұз айдыны маңында серуендеп жүріп, шыршаларды аяусыз кесіп жатқан жұмысшыларға тап болады. Олар демалыс үйін салып жатқан құрылысшылар екен. Басшылары В.З.Кацев деген біреу. Нүсіпбек оларға шыршалардың обалынан қорқу керек екенін ескертеді. Оған » что за ели недотроги» деп Кацев мысқылдап тастайды. Бір кезде зəулім шыршаны шауып жатқан жұмысшылардың бірінің қолынан балтасы ұшып кетіп, өзін өлімші етіп жаралайды. Біраз күннен кейін əкелген техника сынып қалады. Тағы бір келгенінде Кацев Нүсіпбекті танып, ескерту жасағанына рахметін айтып, əруақты мазалағанына кешірім сұрайды. Ағаштың да киесі бар…
(Қазақстан архивінен)