Күл-талқан ғып мұрамызды шақтыңдар,
Күл ғып өртке жақтыңдар,
Мойнымызға тeмip тұзақ тақтыңдар.
Біздер үшін тіршіліктің eciгiн
Ашылмастай жаптыңдар!
Полицей:-
Несін мұнда қаптап келе қалдыңдар,
Бос даурығып, айқай-сүрең салдыңдар.
Бұл арадан дереу тайып тұрыңдар,
Жандарыңның бар кезінде, малғұндар!..
Арпалысқан алыс-жұлыс қым-қуыт,
Күңірентеді кең көшені тұндырып.
Сұсты қолға бipey шашын жұлдырып,
Біреу жатыр жіліншігін сындырып.
Біреулердің басы-көзін қан басып,
Ыңырсиды, жанұшыра шыңғырып…
Ашу қысып, бунап қайғы,
Отыр Минс түрмеде.
Тым болмаса тіл қатпайды,
Меңіреу, мылқау түн неге?
Түнді жара сыңғырайды
Қорқау ажал кiceнi.
Тас қабырға тұнжырайды,
Еңсені езе түседі.
Тәтті тірлік уға айналған,
Тарылтады тынысын.
Ел мен жерден жұрдай болған,
Ердің күні құрысын.
Ауыр ойлар меңдетеді,
Жүрек түбі түнеріп.
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ