-Қыл үстінде өмipi тұр халқымның,
Бұл сойқанға қарай алар салқын кiм?!
Үндіс жұрты көр аузына тақалды,
Қабағынан қан жауып тұр әр күннің.
Халқым менің қашып-пысып сабылды,
Маңдайына қайғы-күйе жағылды.
Тұрмысы да,
Тынысы да
Тарылды!
Мұраты да,
Mұрасы да
Шағылды!
Айтыңдаршы,
Осынша азап тартатын,
Үндіс халқы не қылды?!.
Ел басына зобалаң кеп төнді де,
Тартып алды-
Дауламадық жерді де.
Жұтар ауа артық па енді үндіске,
Тонайтындай қалды бізде енді нe?!
Түсті ақырғы ең қаралы күн тағы,
Тәнімізді бордай езіп,ұнтады.
Аналықтан айырылды үндіс әйелі,
Құртылмақшы…
Келер үндіс ұрпағы!
О, адамзат!
Қол ұшын бер, көмек ет?!
Үндістердің мүшкіл халін көре кет?
Тынар ма екен мына сұмдық-сұрапыл,
Көмек ет!
Көмек ет!
Болғаны рас адамзатқа бұл бipсын,
Не нәтиже шығатынын кiм білсін?
Неше ғасыр қатпарланып сірескен
Қacipeттің қабатын кім сындырсын?
Қайсысы оған аяушылық білдipciн?
Әй, белгісіз…
Бұлар нені тындырсын?..
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ