Европа!
Уытты өткір тырнақты
Аш жолбарыс секілдісің сен де бip.
Қанша құрлық саған бетін тырнатты,
Табаныңда қанша қыршын сөнді өмір?
Сеземісің,
Көремісің зар-мұңын?
Үндіс ұлы келді алдыңа кек қысып.
Тәлкек етіп, мына дүние тарлығын,
Құсқа айналып кетсе, шіркін, көкке ұшып.
Келген жоқ ол қайыр тілеп, нан сұрап,
Сұрамаңдар: «Шақырды,-деп–сені кім?».
Келіп тұр ол қанға батып,
Қансырап…
Соңғы ұрпағын сақтау үшін елінің.
Онсыз да оның қacipeтi жетеді,
Бip тілегін орындасаң не етеді?
Жүрегін де жұлып беріп кетеді,
Жұрты қалса,
Жүрек деген не тегі?!.
Швейцария!
Болармысың таң нұры?
Шешілмекші сенде жұрттың тағдыры.
Тыңдалмақшы тоналғанның зар-мұңы,
Мәслихат бар.
Басын қосқан осында
Төртбұрышты дүниенің барлығы.
Отыр мұнда жайсаңдар мен қасқалар,
Саясаттан кірпіш құйып, тас қалар.
Біреуінен бipeyi іштей жасқанар…
Келіскенмен бүгін мұнда былай деп,
Біле алмайды…
Ертең қанша жас тамар?
Тағы, тағы…
Қандай сұмдық басталар?..
Қара түндей қарауытып көз алды,
Шықты алдыға-
Минс, міне, сөз алды.
Ыза-кектің от боранын бұрқатты,
Толқып қатты-
Қуарды да бозарды:
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ