Қанды қырғын–көрген түс

Қанды қырғын–көрген түс,
Бір күнгідей білінбес.
Не білесің келген құс,
Бiрің ерте, бipiң кеш,
Бірің ерте,бірің кеш?
Көкте құстар керуені eгілесің, дариға-ай,
Әуен болып өрмелі төгілесің, дариға-ай!
Менің мұңлы жүрегім мазасы жоқ дариға-ай,
Kүңipeнтіп кеудені, сөгілесің, дариға-ай!
Секілді бip сөнген от,
Ecкipгeн күн, тозған ай.
Дүние көшсе дөңгелеп,
Kiм тұрады боздамай,
Kiм тұрады боздамай?
Келген құстар бip сырды айтпай қалды,дариға-ай,
Бip балапан былтырғы қайтпай қалды, дариға-ай!
Күнәсіздің қанатын кiм қиды екен, дариға-ай,
Жаным ауыр күрсінді, дерт байланды, дариға-ай!
Сол балапан ішінде
Арман қалды кiм білсін?
Шырылдайды түсімде
Балғын өмір-бүлдіршін,
Балғын өмір-бүлдіршін.
Қалың өртке қарлығаш жанғаны ма, дариға-ай,
Шынымен ен көзден жас тамғаны ма, дариға-ай!
Өкінбейсің өмірдің жалғанына, дариға-ай,
Өкінесің көңілдің қалғанына, дариға-ай!
Сиқыр дүние керемет,
Опа берген кімге бұл.
Yмiт қызыл көбелек,
Ұшып-қонған гүлге бip,
Ұшып-қонған гүлге бip.
Жүрегі Жүсіпбектің шерге толы,
Осылай сұмдық сырды тербетеді.
Қаралы хабар емес ей, дүние,
Қуаныш алып келсең нең кетеді?
Күтірлеп құлағандай ән-тepeгi,
Домбыра безектейді, зар төгеді.
Рамазан аманатын орындар күн,
Әттең-ай!
Ертең еді,
Ертең еді.

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *