Қытайдың Наньин қаласында тұратын Тан Юхуэй деген бизнесмен өзінің бәсекелесін өлтірту үшін жалдамалы баскесерге 2 миллион юань төлепті. Ол ит ерінді ме әлде тапсырысы көп болды ма, әйтеуір, сол ақшаның жартысына басқа киллерді жалдаған. Ол киллер де көксоққан біреу екен.., барып басқа баскесерді арзаныраққа тауып, кісі өлтіруге жұмсайды. Үшінші жалдамалының да дәл осы іске келгенде кежегесі кері тартып.., төртінші бір кісіөлтіргішке жүгінеді. Әрине, ол да жолай өз үлесін қарпып қалған ғой. Төртіншінің де шекесі шылқып тұрғаны шамалы болса керек, ол өзінің таныс баскесеріне осынау «аманатты» аман-есен тапсырғанға ұқсайды…
…ең ақыр аяғында бесінші жалдамалы киллер қолына тиген 100 мың юанді азырқанып.., өлтірілуі керек болған бәсекелес бизнесменге барып, өтіріктен өлген адам бола тұруын өтінген екен.., ол барып полицияға жайып салыпты…
Содан әр баскесерді саумалай отырып, тұп-тура тапсырыс берушіге шыққан полиция олардың бәрін тұтқындаған көрінеді…
… . …
Кейде, өмірдің өзі түсірген трагикомедия қызықтырақ болады…