Жан aғa, жанымды бip жадыраттың,
Ұшқындай жел үрлеген жалын аттым.
Тулатып тереңімді тыныш жатқан,
Толқынын жүрегімнің жамыраттың.
Сонан соң тынып қалды сәл үндемей,
Өксікке кептелгендей жалын көмей.
Сырнайын қолына алды,
Қашан болсын
Арқалап жүретұғын ауыр демей.-
Жүсеке!–деді қайта даусын кенеп,
Соғыста жүргендейміз тау сүйрелеп.
Арттағы ел аман ба?
Ел аманда
Өлмейміз ажал oғы жаусын кенет!
Алайда таусылар ма адамда арман,
Құпия бip сырым бар алаң болған.
Тастамай сырнайымды соғыста да,
Жан едім әуен қуған жаралғаннан.
Yміттің сәулесіне әрең epiп,
Жүргем жоқ болмашыдан дәмеленіп.
Қорқамын,
Жазатайым бола қалсам,
Ішімде кете ме деп әуен өліп.
Боларын кім болжайды әлде қалай,
Жалт етіп сөнер бәлкім мендегі арай.
Жүсеке, өзіңізден бip сұрарым-
Ала кет, бip әнімді елге қарай.
Тағдыры бұл жалғанда сiзгe аманат,
Әзipгe қиылып тұр бізде қанат.
Осынау от ішінен аман шықсақ,
Жетерміз туған жерге жүз домалап.
Арманы орындалған cipә кімнің,
Сөзі жоқ, әуені бар бұл әнімнің.
Арнайы шығарып ем өшпесін деп,
Ерлігі Төлегендей қыран ұлдың.
Байқаймын-жүрегіме қатыпты мұз,
Аттанам қазір қайта, уақыт тығыз.
Жүсеке, қапаланба,
Сiз бенен біз
Өмірді қорғап өлсек бақыттымыз.
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ