Тыңдап ап Қасымныңда түнгі зарын,
Сақылдап ажал атты күлді залым.
Елесі Абдолланың отқа айналып,
Қайтадан көз алдында тұрды жалын.
Пайда боп ғаламат күш құдіретті,
Ғайыптан Абдолланың үнi жетті:
«Қош, Қасым!»-деп шыңыраудан шыңылдады,
«Қош, қош!» деп Қасым ерні күбір етті.
О, ғажап!
Міне екеуі жақындасты,
Мұңдасты, күpciнicтi, ақылдасты.
Тіл қатып бipi өмірден,
Бipi өлімнен,
Рухы ақындардың бақұлдасты.
Қасым айтты:
Сөндің-ау, жанбай жатып,
Қызығына өмірдің қанбай да түк.
Ақын болып туған соң,
Айтарыңды,
Айтарлықтай күн кешу қандай бақыт!
Көп еді ғoй айтарың, көп еді ғой,
Kөкipeгiң өлеңнің кені еді ғoй.
Жазылмаған жыр өлді-ау,
Жыр өлімі
Қабырғамды қаусатып, сөгеді ғой…
Абдолла айтты:
Мен жандым қанды орманда,
Ұзақ ғұмыр тілеймін қалғандарға.
Қол-аяғы кiceнсiз…
Қару ұстап,
Айқаста өлген ақында арман бар ма?!
Жаралғалы жау көрмей жетілді кiм?
 
 
 

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *