-Абдолла!
Абдолла!—деп созды қолын,
Кұтқар деп ұсынғандай өз жүрегін.
Kiм білсін қысылғанда қайран жүрек,
Кенеттен келетінін сезді ме оның.
Қайтпасқа кетер ме еді әлде аттанып,
Абдолла құтқармаса жалдап барып.
Біртіндеп жаралы ақын көзін ашты,
Қолымен ауаны бос қармап қалып.
Санадан саябырлап өштi де аңыз,
Басынан бip ғаламат кешті нағыз.
Байқаса, ақбоз атты Абдолла емес,
Алдында–ақ халатты сестра қыз.
Сілтідей тынып қалған тыныш маңы,
Сәл ғана сая тауып тыныстады.
Апыр-ау, не болғаны?
Осыншама
Kеттi ме сандырақтап тым ұшқары?
Немене?
Әзірде әлгі көзілдіме?
Немесе бордай босап езілді ме?
Сетінеп санадағы соқыр тұман,
Аңдады ақырындап өзін міне.
Күңіреніп қара ормандар шашын жайған,
Қайда әлгі от ойнатқан жасын-майдан?
Зым-зия қайда кеткен жолдастары,
Тап болған бұл араға Қасым қайдан?!.
Көргендей кайғы-таудың қарлы басын,
Төсектен басын жұлып алды Қасым:-
Абдоллам, арысым!-деп қатты өкciдi,
Көзінен тамшылатып қанды жасын.
Белгісіз алда нендей күйге енері,
Осы еді бойын бip сәт билегені.
Бағана оқпен қоса қабаттасып,
Абдолла хабары кеп тиген еді.
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ