Сізден естігім келген сөзді жат айтып,
Өлімнің дауысын қатайтып,
Өлеңім кетті безектеп!
Жұбатып көрдік түн екеуміз кезектеп,
Тебілетіні өзек тек!
Сіз неге сонша үнсіз сөйлейсіз ақырын,
Азғындар келді жасырын,
Айқайлап айтты ақылын!
Сіз маған бірдеңе деңізші жарығым,
Мен қашан мейірге жарыдым?
Паналап жүрдім ғой поэзияның бар ығын…
Білемін əлсіз шамасын білмес шырақпын,
Мен мүмкін сізге бұрын қойылмаған сұрақпын,
Жауабын беруге əттең-ай, əттең, жырақпын!
Жырлатпайықшы енді оған бірге қайғыны,
Ажал келерін білмейміз ғой анық қай күні!
Жанар Рахатқызы.