АЛТАЙ АЯСЫ

«АЛТАЙ АЯСЫ»-әдеби журнал. ҚХР-дың Ажай аймағында 1980 ж. шілдеден бастап шыға бастады. Алғашқы шығарушылар -Зақан Омарұлы, Жақсылық Сәмитұлы, Ғалымбек Әбенұлы. Журналдың тұңғыш санында халық фольклоры үлгілері жиналып басылды. 1980 -84 ж.аралығында журналда көптеген дастандар, ертегілер, халық әндері, жұмбақтар, мақал-мәтелдер жарық көрді. Шәкерім Құдайбердіұлының шығармалары ұзақ үзілістен соң, 1982 ж. осы журналда жарияланды. 1985 жылдан бастап журналда қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен қатар әлем әдебиетінің озық үлгілері де, қазақ тіліне аударылып жарияланып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *