АЛОГИЗМ (грек. а -жоққа шығару жұрнағы, logismos -ақыл) -біріне бірі логикалық қисыны жағынан кереғар, қарама-қайшы ұғымдарды әдейі жақындатып, жалғастыру арқылы ойды айрықша әсерлі етіп жеткізетін стилдік тәсіл. Мыс., М.Жұмабаев «Тірілдім» деген өлеңіндегі «Жаспен жасып, оймен азып -тозып ем, Өліп едім, бүгін тағы тірілдім», -деген жолдар А-нің озық үлгілерінің бірі болып табылады.