АЛЛОНИМ

АЛЛОНИМ (грек. allos -бөтен, бөгде, onyma -есім) -қаламгерлердің өз аты-жөнін мүлде қолданбай, автор ретінде өзге бір есімді бүтіндей иеленуі. Мыс., Париж коммунасының белгілі қайраткері Паскаль Груссе революция жеңіліске ұшырағаннан кейін Жаңа Каледонияға жер аударылады да, одан қашып шығып, басқа фамилиямен өмір кешіп, өзінің ғажайыпоқиғаларға толы романдарын Андре Лори деген атпен жариялап отырған. Беларусь ақыны К.М. Мицкевичтің туындыларына өз атын көрсетпей Якуб Колас деп коюының басты себептерінің бірі, ұлы поляк ақыны Адам Мицкевичпен фамилиялас болуы еді. Орыс әдебиетінде М.Горькийдің өз аты-жөні -А.Пешковт.б. Қазақ әдебиетінің өкілдеріде А-ді қолданып жүр. Әкім Таразидің өзаты-жөні -Ә.Әшімов, т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *