АЛЛИТЕРАЦИЯ

АЛЛИТЕРАЦИЯ (лат. allittera -дыбыстас) дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл. Мыс., Қ.Аманжоловтың «Иран шахқа мұңың шақпа, Низами, Біздіңжақта гүл құшақта, Низами…» деген өлең жолдарында А. (ш әрпі қайталанып) өлең өрімін құбылтып, оның оқырманға әсерін күшейтіп тұр. А. -қазақ мақал-мәтелдерінде де ұтымды қолданылатын тәсілдерінің бірі. Мақалдар құрылысында дыбыс үндестігі, бір дыбыс немесе бір сөзді («Бейнет, бейнет түбі -зейнет») бірнеше қайталау, сөз ұйқасымы айрықша рөл атқарады. Қазақ жұмбақтарын да А. тәсілі жиі кездеседі («Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті»).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *