АЛДОҢҒАРОВ Күндебай (1900. Қызылорда обл. Қармақшы ауд. -1975. Қызылорда обл. Тереңөзек ауд. Тереңөзека) -ақын. «Күндебайдың өз әйелі Нәзипамен айтысы», «Жеңгесіне айтқан сыны», «Салмаханға айтқаны»,»Шошқаны қорқыту», «Жездесіне көңіл айту»,»Есекпен үйге кіріп келу»,»Қырық өтіріктің жаңа түрі» т.б. күлдіргі өлеңдері сақталған. Әбділдә Жүргенбаев, Ысқақ Байжиенов, Нартай Бекежанов ақындармен айтысқан. 1943, 1946ж. респ.айтыстарға. Жамбылдың туғанына 100 жыл толуына арналған айтысқа қатысқан.