АЛДАР (18 ғ„ Жайық бойы. Атырау сағасы) -шешен биі. А. есімі Шынияз, Мұрат, Ы.Шөреков толғауларында, Х.Досмұхамедұлы зерттеулерінде құрметпен аталады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда А. Әбілқайыр ханмен замандас, достық көңілдегі кісі болған. Үлкен ұлы Нұралыға енші берерде Әбілқайыр А-дан бата сұрапты. Осы оқиғаны Мұрат Мөңкеұлы Жылқышымен айтысқанда мақтан ете толғайды. Сырым Датұлы Нұралы ханмен дүр-дараз болып, оны шабарда А-дан ақыл сұрапты. Бұл деректер Шынияз ақын жырлары арқылы жеткен.