АЛДАБЕРГЕНОВ Сыдық (10.11.1922 ж.т.. Қызылорда обл. Сырдария ауд. Жамбыла -11.7.2005. Алматы) -жазушы. 1941 -61 ж. обл. Қызылорда обл «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы,1961 -82 ж. «Социалистік Қазақстан» (кззіргі «Егемен Қазақстан») газетінде аға әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1942 ж. «Дос қарызы» атты алғашқы әңгімесі. 1954 ж. «Әңгімелер» атты тұңғыш жинағы жарық көрді. Кейін «Алға» (1960), «Ар алдында» (1963),»Қанат ұшқанда қатаяды» (1965),»Өмірге жолдама» (1966) сияқты прозалық жинақтары жарияланды. Сондай-ақ жазушының «Асу» (1969),»Мезгілсіз күз» (1978), «Жаңару» (1975),»Жаңа жағалау» (1983)атты романдары бар.