Жүзі гүл гүл, үні бұлбұл,
Сырты жуас момақан.
Ел алдында инабатты,
Таппадым мін мен одан.
Мөлдір тұнық жəудірейді,
Қарақаттай көздері,
Бақытты боп жүрсе болды,
Көз алдымда сол адам.
Мейлі мейлі жасымайды,
Жапсадағы жүзін мұң.
Жанарында жасырынған,
Бір сыр барын ұғындым.
Ай да, күн де ажарының,
Ар жағынан сығалап.
Тылсым ғана тұтқындаған,
Дидарына ұрындым.
Сыр ұрлаған, сырдырлаған,
Сыңғырынан бұлақтың.
Тым жайдары, құбылмаған,
Бір қылығын ұнаттым.
Сезімдері сезілетін,
Самалынан даланың.
Бақшасынан аңқып жатқан,
Жұпарындай жұмақтың…
Ақтан Әленханұлы.