Ей, перизат, жамалыңа жаным шөлдеп қараймын

Ей, перизат, жамалыңа жаным шөлдеп қараймын,
Мүсіркей бер өзгелерді, азабыңды қалаймын.
Бал шараптан нарттай жанып албыраған жүзіңе,
Қызыл гүлдің жапырағы жауса бақыт санаймын.
Семген гүлдей көңілімді өзің қайта тірілттің,
Зарығып ем, жалынып ем Тәңіріге талай күн.
Қол жетпейтін хор қызы мен ай-жұлдызды не қылам,
Жалғандағы серігіме жалғыз сені балаймын.
Ғашықтарға күн шапағы тигізе алмас септігін,
Түнгі нәзік көйлегіңде кестесі бар арайдың.
Жастық шақта күйе білген, сүйе білер-өкінбес,
Қартайғанда бармақ тістеп, батқан күндей қарайдым.
Уа, Жаратқан, жабырқаған Науаиыңды жарылқа,
Еркін басты енді еріксіз көрге апарып қамаймын.
 
 
 

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *