АҚЫНЖАНОВ Мұсатай Бекболатұлы (9.5.1905. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Қарауыл а. -1.7.1986. Алматы) -жазушы, драматург, ғалым, тарих ғыл. докторы. Семей педтехникумын (1925). Орынбор халық ағарту ин-тын(1929). Қазақ марксизм-ленинизм мектебін (1939) бітірген. 1939 -42 ж. Қазақстан К(б)П ОК жанындағы Марксизм-ленинизм ин-ның директоры. 1946-77 ж. ҚазҰУ-дың доценті,кафедра меңгерушісі, тарих ф-ті-нің деканы қызметтерін атқарған. Алғашқы әңгімелер жинағы «Садыр мен Садық» 1931 ж. жарықкөрді. А. 20-дан астам драмалық шығармалар жазды. «Біздің ән»,»Исатай мен Махамбет»,»Сырым Датов»,»Бағытай-Бағила»,»Фрунзе», «Жеңіс қамы»,»Шопан қыз»,»Алтын сақа»,»Алтын алқа сырлары»,»Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары обл., респ. театрларда қойылды. «Жастарға үлгі өнеге» (1925).»Абайдың өмірі мен творчествосы» (1955),» Қазақ ағартушыларының саяси қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы» (1955). т.б. ғыл.-зерт. еңбектері жарық көрді. 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатгалған.