АҚЫНБЕКОВ Мейірбек (19.3.1939 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Сарыағаш ауд. «Төңкеріс» ұжымшары) -ақын. Шымкент пед. ин-тын (қазіргі Оңт. Қазақстан ун-ті) бітірген (1965). «Сарыағаш» және «Қазығұрт тынысы» ауд. газеттерінде бөлім меңгерушісі, обл.»Оңтүстік Қазақстан», респ. «Сұхбат» газеттері мен «Денсаулық» журналында меншікті тілші қызметтерін атқарған. 1983-90 ж. Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихатгау бюросында қызмет атқарған. «Оңтүстік өңірінде», «Сарыағаш саздары», «Автограф», «Бесік жыры», «Тоғыз перне», «Көктемтынысы» жинақтарына жырлары енген. «Бүршік» (1990),»Із» (1997), «Азансызатгар», «Әлден әже», «Сыршертеді ақындар» (1997),»Славян тілімен жыр төккен», «Тұран толқындары» (аударма. 2003), «Шартарап» (1994),»Туған жер төсінде» (1993),т.б. кітаптары жарық көрген.