АҚЫН -поэзиялық туындыларды (өлең,жыр, дастан, поэмаларды) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында А. ұғымының жырау, жыршы, өлеңшісияқты ұғымдардың ауқымы кең болған. Ол өлең,жыр, дастандарды шығарушы да,айтып таратушы да.
Нағыз А-дар өлеңді табан астында суырып салып айтқан. Ондай жағдайда өлең,жыр домбыра немесе қобыз сияқты аспаптар сазына қосылып айтылған. 20 ғ-дың басынан бастап осы дәстүрлерді жалғастырушылар «халық ақыны» деп аталатын болды. Қазақ халқының Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен т.б., А-дары жыршылық өнерді де менгеріп, кейде ұзақдастандарды жатқа айтқан. Қазақстанда қазіргі заманғы жазба әдебиетінің қалыптасуына орай А-ның тұлғасы да мүлде өзгерді. Жазба әдебиет өкілдері дәстүрлі қазақ поэзиясынан нәр ала отырып, өз шығармаларындағы өмір шындығын бейнелеу әдісі,көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, стиль,тіл өзгешелігі жағынан жаңа сатыға көтерілді. Қазақ әдебиетінде мұндай жаңа сипатты жанжақты қалыптастырып дамытуға Абайдан бастап Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, т.б. өз үлесін қосты. Қазіргі қазақәдебиетінде поэзия жанрының биік деңгейде дамуы А-дар шығарм-ғының үлкен қуатын танытады. Сондай-ақ, қазіргі заман А-дары халықтық дәстүрлерді қайта жаңғыртуға да үлес қосуда. Ауызекі тілде оларды әнші ақындар, айтыскер ақын, т.б. деп бөлу де қалыптасқан.