Акқу-қаздай айдынында жүзбесем де байлықтың,
Шашып-төгіп, шайқап ішіп, кілкілдеген май жұттым.
Пендеге тән күпірлікпен құмар ойнап көріп ем,
Қуаныштан жұрдай болып, есесіне қайғы ұттым.
Несібеме бұйырған соң қайғы-менің қазынам,
Удың бетін у қайтарса, ауыр дерттен жазылам.
Құдай өзі беріп жатса, артық дәулет бас жармас,
Адамзатқа не нәрсенің молы жақсы азынан…
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ