АҚСҰҢҚАРҰЛЫ Серік (29.3.1950 ж.т., Жезқазған обл. Ақтоғай ауд. Қызыларай а.) -ақын. ҚарМУ-ды бітірген (1989). 1967 -74 ж. туған ауылында шопан, 1974 -78 ж. Ақтоғайауд.»Арқа еңбеккері» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1978 -87 ж. Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. «Коммунизм таңы» газетіндеа. ш.бөлімініңмеңгерушісі қызметін атқарды. 1987 -90 ж. еркін шығарм. жұмыста болды. 1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы, обл. «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының әдебиет жөніндегікеңесшісі. «Көктемтынысы» (1975),»Қарлығаш» (1981) жинақтарында бір топ өлеңдері жарық көрген,»Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті» (1984),»Ғасыр кардиограммасы» (1991) кітаптары, «Жез тасқын» (1988),»Қызыларай» (1990) «Адам-Ата -һауа Ана»(2000) атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Орыс ақындары А.С. Пушкин, А.Ахматова, М.Цветаева,Е,Евтушенко, А.Вознесенский, Р.Рождественский, т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған.