Соқыр тауық көреді елді дән орнына шашып құм,
Өз аузынан айырмайды балды басын қасықтың.
Жем жатқан жер жемтіксіз де болған емес ешқашан,
Қу құлқынның құрығынан құтылады қашып кім?
Топты торғай топырлайды қайда қызыл кырман көп,
Ойламайды бейшаралар қылдан тұзақ құрған деп.
Ей, көңілім, не қыласың болмашыға құрбан боп,
Қызығарлық күн астында Күнікей қыз тұрған жоқ..
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ