АҚПАНБЕТҰЛЫ Әлсейіт (11.1. 1943 ж.т.. Қызылорда обл. Сырдария ауд.) -ақын, жазушы, драматург. Қызылорда пед. ин-тын (қа-зіргі Қорқыт ата атынд. Қызылорда мемл. ун-ті) бітірген (1966). 1966 -1973ж. Сырдария ауд-ндағы орта мектептерде мүғалім, ауд. оқу бөлімінде әдіскер, 1973 -77 ж. «Мектеп» баспасында редактор. 1977 -81 ж. Қазақстан Оқумин-нде инспектор, Қазақ
пед. ғыл.-зерт. ин-тында (Қазіргі Қазақ білім академиясы) ғыл. қызметкер, 1981 -1990 ж. Қазақ радиосында редактор болып қызмет атқарған. 1991 жылдан бері «Балдырған» журналында бөлім редакторы. Алғашқы өлеңдері 1964 -65 ж. өлкелік «Оңтүстік Қазақстан», обл. «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газеттерінде жарияланды. Жазушының «Түнгі көбелек» аталатын трагикомедиясы 1998 жылдан Қызылорда муз. драма театрында қойылып келеді. «Дүние-думан» комедиясы Қазақ мемл. драма театрында 2001 жылдан қойылуда.