АҚДӘУЛЕТОВ Мейірхан (10.5. 1950 ж.т., Ақгөбе обл. Ырғыз ауд. Темірастау а) -ақын, аудармашы. ҚазҰПУ-ды бітірген (1983).Ырғыз ауд. «Жаңа өмір» газетінде, 1978 ж-дан «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен»), «Арай -Заря» журналдарында, «Дәуір», «Қазақ әдебиеті» газетгерінде қызмет атқарған. 2000 -2004 ж. «Алтын Орда» тәуелсіз апталық газетінің бас редакторы болды. Қазір
«Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС президенті. «Бастау» (1980),»Шырақ-ғұмыр» (1984), «Дәруіпшама» (1995). т.б. жыр жинақтарының авторы. Құмық тарихшысы Мурад Аджидің «Қыпшақ даласының жусаны» тарихи эссесін,орыс ақындары А.Вознесенскийдің, А.Ахматованың,А.Блоктың өлеңдерін қазақтіліне аударған. «Ерен еңбегі үшін»,»ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен, Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Президентінің публицистерге арналған грантының иегері (2002).