АҚАТАЙ Сәбетқазы Нұржақияұлы (11.10.1938, Шығ. Қазақстан обл. Күршім ауд. -19.10.2003) — мәдениеттанушы, сыншы, ғалым, филос. ғыл. докторы (1995), Қазақстанның еңб. сің. қайраткері (2001).Мәскеу мемл. ун-тін бітірген (1969). 1956 -58 ж. Қарақас балық зауытында әр түрлі қызметтерде жұмыс істеген. 1969-74 жылғадейін Алматы шет тілдерин-тында дәріс оқыды. 1974-88 ж. Ықылас атынд. Ұлт-аспаптар мұражайының директоры, 1988-96ж. Респ. мәдениет қызметкерлерінің санатын көтеру ин-тында кафедра жетекшісі, проректор, ректор, аға ғыл. қызметкер, ғылым бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Мәскеудегі «Жас тұлпар» атты қазақ жастар ұйымының құрамында студенттер кеңесін басқарды. «Азат» қозғалысының алғашқы тең төрағаларының бірі болған. Көптеген ғыл. еңбектер. 400-ден аса публицистик. мақалалар жазған. О.Сүлейменовтің «Аз и Я» еңбегін қазақ тіліне аударған (1991).