АЙЫМБЕТ Мәди Айтбенбетұлы

АЙЫМБЕТ Мәди Айтбенбетұлы (14.10.1946 ж.т., Қостанай обл. Аманкелді ауд.) -жазушы. ҚазҰУ-ды (1972) бітірген. 1972 -77 ж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1977 -84 ж. «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында бөліммеңгерушісі, 1984-86 ж. «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат») журналында аға редактор. 1986 -90 ж. Қазақстан баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемл. к-тінде көркем әдебиет бөлімінің меңгерушісі, «Ғылым» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1993 жылдан ҚР Парламенті Сенатының редакциялық-баспа бөлімі бастығының орынбасары. Алғашқы әңгімесі «Тәтті мұң» 1972 ж. жарық көрді. Кейін «Ертегіден келген бала» (1978),»Көгілдір соқпақ» (1980),»Нәзік жаңғырық»,»Күнікей», «Ғашық болу бақыты», «Шырақшы Қалжігіт», «Құм киесі», «Ол дәурен бір көрген түс», т.б. повесть, әңгімелері, орыс тілінде «Плато голубых цветов» (1985),»Чаша печали» (1997) атты прозалық кітабы жарық көрді. Орыс жазушысы В.Шукшиннің, украин жазушысы А.Головконың, латыш жазушысыА.Пацюстің, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Грамотасымен, ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *