АЙТОВ Несіпбек Тұрысбекұлы (22.9.1950 ж.т., ҚХР, Шыңжаң өлкесі Шәуешек ауд. Теректі-Қақпатас елді мекені) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1974). 1967 -69 ж. Семей обл. Шұбартау ауд. «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер. 1974 -84 ж. » Балдырған» журналында бөлім меңгерушісі, 1984 -85 ж. «Жалын»баспасында редактор,1985 -94 ж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995 -96ж. «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997 -2001 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2001 ж-дан бері Еуразия ұлттық ун-тінде аға ғыл. қызметкер. Алғашқы «Балалық» деген өлеңі 1965 ж. Шұбартау ауд. «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, тұңғыш жинағы «Қозы көш» 1974 ж. жарықкөрді.»Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр» (1977),»Жаңбыр әні» (1982),»Түнде ұшқан тырналар» (1986),»Рухымның падишасы»,» Мұқағали-Желтоқсан»,» Бәйтерек», балаларға арналған «Бала-бақшаға барар жолда»,»Желкілдеп өскен құрақтай» (1980),»Күміс күйме» (1984),»Қартаймайды күн неге?»(1990)т.б, өлеңдеріменпоэмалар жинақтары басылып шықты. Түрік ақыны Жүніс Эміренің, қытай ақыны Бо Цызюдың,француз ақыны Дж.Родаридің,сондай-ақ орыс ақындары М.Исаковскийдің, А.Бартоның, С.В. Михалковтың, С.А. Баруздиннің, В.Берестовтың балаларға арналған жекелеген таңдаулы өлеңдерін, Ә.Науаидің «Ескендір қорғаны» (1989) дастанын, «Игорь жасағы туралы жырды» (1990) қазақ тіліне аударған. Ақынның «Серебрянный сундучок» өлеңдер жинағы орыс тілінде жарық көрді (1988). «Бас сүйектері» (1976),»Жасынның сынығы»(1977), «Найзағай»(1978), «Жүректегі жаңғырықтар» (1979) поэмалары кезінде респ. байқаулардың жүлделерін,» Мұхтар мен Абыз» толғауы М.Әуезов 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдесін алған. «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек» поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағаланды. Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев және Жамбыл атынд. сыйлықтарының лауреаты.