Түңілдім бе шынымен тіршіліктен

Түңілдім бе шынымен тіршіліктен,

Оянамын түсімнен түршігіп мен.

Аяқ-қолды кісендеп бір нәзік күш,

Айдап бара жатады бір шыбықпен.

Жазирамды жайлаған құса ғана,

Шыныменен қасірет күш ала ма?

Сезім деген сергелдең майданында

Іліндім-ау жиірек нысанаға.

Бір қыз едім бұғауға бағынбағам.

Жолайрықта жолыққан жолың маған,

Еріп бара жаттым мен абайсызда,

Түйіскенде көзің мен қолың маған.

Ертегі еді жанымды жұбатқан мұң,

Соншалықты сен маған ұнап қалдың.

Тамұқтанмын мен сірә содан бері,

Содан бері ғажайып Жұмақтанмын…

Таңсәуле Әгенқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *