АЙНАБЕКОВ Қайып

АЙНАБЕКОВ Қайып (18.5.1885. Қарағанды обл. Нұраауд. Көбетай а. -29.1.1955. Қарағанды) -ақын. Онбес жасынан өлең шығарады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Қырдың қызыл гүлдері» 1928 ж. жарық көрді. 1923 ж. Мәскеуде өткен Бүкілодақтық этнографиялық көрмегеқатысып,қобызда ойнап,ән айтады. Сол жолы белгілімузыказерттеуші А.В. Затаевич одан «Сұлушаш», «Қос көтерме»,»Әупілдек», «Назқоңыр», «Жеңеше» сияқты халық әндерін жазып алады. А. 1943 ж. Қарағандыда өткен ақындар айтысына қатысты. І.Манкинмен,С.Әзденбаевпен,К.Елеуовпен айтысты. Отан қорғауға шақырған патриоттық жырлар шығарып, қас батырларға арналған «Әбдірдің Нұркені»,»Ер Төлеген» толғауларын шығарды. Оның «Қолаң», «Алып туралы аңыз»,секілді эпикалық дастандары бар. Өлеңдері,дастандары мен айтыстары халық ақындарының ұжымдық жинақтарында,1958 ж. Мәскеуде орыс тіліндежарықкөрген»Қазақпоэзиясының антологиясында» жарияланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *