АЙМҰРЗАЕВ Жәлел (1889, Бат. Қазақстан обл. бұрынғы Тайпақ ауд. Қырыққұдық а. -1969. сон-да) -ақын. Ауыл мектебінен оқып,хат таниды. Кейін Оралдағы орыс-қазақ мектебіне түсіп білім алады. 20 ғ-дың 20 -30-жылдары болыстық мекемелерде хатшылық қызмет атқарды. ауыл мұғалімі болды. Айтыстары мен өлеңдері «Пернедегі термелер»(1965),»Ленин деп халық жырлайды»( 1969 ), «Айтыс»(2-т.,1966) жинақтарына енген.