АЗАМАТТЫҚ ЛИРИКА

АЗАМАТТЫҚ ЛИРИКА -лирикалық поэзияның әлеум. мәселелерді қозғайтын үлкен бір
саласы. Қазақ әдебиетіндегі А. л. түрлеріне Абайдың, С.Торайғыровтың өлеңдерін жатқызуға болады. 20 ғ-дың бас кезіндегі бұл сарын А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов поэзиясында үлкен әлеум. маңызға ие болды. А. л-ның тамаша үлгілерін С. Сейфуллин,І.Жансүгіров,С.Мұқанов, Т.Жароков, Ғ.Орманов, Қ.Аманжолов, Ә.Тәжібаев, Х.Ерғалиев, Қ.Бекхожин, С.Мәуленов, М.Мақатаев, Қ.Мырза Әлі, Т.Молдағалиев, Ж.Нәжімеденов, т.б. шығармаларынан табуға болады. Қоғамдық өмірдің ең көкейкесті мәселелері халықтың тағдырына,мүдделеріне,келешегіне байланысты сарындар А. л-ға арқау болды. А. л. өз дәуіріне байланысты әр қырлы болуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *