ЖАЛҒЫЗДЫҚ…

 

Күтсең де ертең келер таңды үздігіп.

Санаңда қылаң берер жалғыздығың.

Ішінде қара-құрым көп дененің,

Жалқы-жалқы жандармыз ал біз бүгін.

Себебі еш адам жоқ дәл бізді ұққан.

Біреуді-біреу ұқпай сан күз де ыққан.

Аш арыстан тигендей астаң етер

Ішінде әр адамның Жалғыздық бар.

Сағымнан бір мәнді ұғым іздеген боп,

Үздігіп қарасақ та күзге елеңдеп.

Кеудеде аттай тулар сол кеселді,

Жеңе алмай келеміз ау сіз де мен де…

Өмірді — өзіңді алдау деп түсініп,

Күндерім көлеңкеге кетті сіңіп.

Қауым боп көрінгенмен сырт көздерге

Ішінде жалғыз жүрміз көп кісінің…Дана Исағұл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *