Тірлігімді талатпаққа екі өкпесін зар қысқан

Тірлігімді талатпаққа екі өкпесін зар қысқан,
Босағама қабаған ит байлап кетті сан дұшпан.
Сыртқа шықсам алдарқатып сүйек-саяқ тастаймын,
Мысық пенен тышқандаймыз күндіз-түні аңдысқан.
Қызыл көзді қығаныштың көре-көре қастығын,
Қаңғырып жүр айдалада зәтте болған жастығым.
Күздің қара суығына иек артқан өмірім,
Абыржыған егіншідей жинай алмай астығын.
Ұрынарын ұғатындай ұли соққан боранға,
Мөңірейді жалғыз торпақ азынаған қорамда.
Мұратыма жете аламба мал мен жанды баққанмен,
Кең дүниеге көз суарып, тебіренейін онан да.
Қожанасыр әулиедей қоржын теңдеп ақылдан,
Есек мініп жолға шықтым таңнан тауық шақырған.
Қай тарапқа бастасаң да, пәруәрдігер, өзің біл,
Итпегіңе көнген құлда басқа сөз жоқ «мақұлдан».
 
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *