АДАПТАЦИЯ

АДАПТАЦИЯ (лат. аdapto -бейімдеймін) -әдеби шығарманыңбелгілі бір ортаға, әдетте, дайындығы төмен оқырманға лайықталып, солардың қабылдауына бейімделіп қайта жазылуы. Бұл тәсіл балаларға күрделі шығармаларды ұғымды түрде таныстыру үшін қолданылады. Мыс. Гомердің»Одиссея»мен»Илиадасының» осылай жасалған нұсқалары бар. Әдеби мәтінді бейімдеу шығарма мазмұнына терең бойлауды, автордың стилін сақтауды талап етеді. А. қазақ әдебиетінде де кездеседі. Мыс. «Қамбар батыр», «Алпамыс», «Қобыланды батыр» эпосы қазақ, орыс тілдерінде қарасөзбен қысқаша қайта баяндалып, жеке басылым болып шықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *