АДАМБАЕВ Балтабай Әбдірахманұлы

АДАМБАЕВ Балтабай Әбдірахманұлы (24.9.1919. Жамбыл обл. Сарысу ауд. Байқадам а. -12.10.1990.Алматы) -ақын, жазушы. ғалым,филол ғыл. канд. (1962). Жамбыл пед. уч-щесін (1947). ҚазҰУ-ды (1951) бітірген. Біраз жыл Жамбыл қ-ндағы No 38 қазақ орта мектебінде ұстаздық еткен. Әдебиет және өнер ин-тында кіші. аға ғыл. қызметкер болды (1957 -86). «Сырларым» (1959),»Ақбөбек» (1962),»Аманат» (1972),»Тұлпардыңізімен» (1983) атты өлең жинақтары, «Мәди» (1969), «Жауынгержолы»(1978)повестер мен деректі әңгімелер кітабы жарық көрді. Қазақ халқының ауыз әдебиетін,оның ішінде шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеді. Шешендік сөздер туралы «Шешендік» (1969),»Халық даналығы» (1976), «Қазақтың шешендік өнері» (1984) деп аталатын моногр. зерттеу еңбектері жарық көрді. «Қазақ ертегілері» (1962),
«Шешендік сөздер» (1967),»Ел аузынан» (1985) жинақтарын құрастыруға қатысты. 1-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *