«АҒЫБАЙ БАТЫР» — тарихи жыр. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттыққозғалысынабелсенеқатысқан батыр Ағыбай Қоңырбайұлының (1802 -1885) ерлік істерін баяндайды. Жырдың екі нұсқасы сақталған. Бірінші нұсқасында (қарағандылық жыршы Тәужи Айнатасовтан жазылып алынған) Кенесарының Түрікмен елінен біртұлпар әкеп беру туралы өтінішін орындауға аттанған Ағыбай батырдың сапар кезіндегі ерліктері баяндалады. Бұл нұсқа толық емес. Екінші нұсқасы ақын,халық ауыз әдебиетін жинаушы Нұрғали Бейсеновтен 1949 ж. жазылып алынған. Онда Ағыбай батыр қалмақпен соғысып, ерлік көрсетеді, даңқы бүкіл елге жайылған қолбасшы атанады. Екі нұсқа да он бір буынды қара өлеңмен жазылған. «А. б.» жырының нұсқалары Орт. ғыл. кітапханасында және Әдебиет және өнер ин-ның Қолжазбалар орталығында сақтаулы.