АБЫЛАНОВ Сыдық

АБЫЛАНОВ Сыдық (1894. Жамбыл обл. Байзақауд. Кеңес а. -1938.Шымкент қ.) -қоғам қайраткері, журналист, драматург, Т.Рысқұлов ұйымдастырған Қырғыз (қазақ) жастарының рев. одағының белсенді мүшесі болды. Әулиеата уезінің алғашқы оқу халық комиссары қызметін атқарды. 1923 -24 ж. оқу коммунасын басқарды. 1924 -38 ж, Ташкентте,Қарақалпақстанда, Ақтөбе мен Петропавлда, Қызылордада партия және оқу-ағарту саласында басшы қызметтер атқарды. 1933 -38 ж. Респ. радио к-ті төрағасының орынбасары болды. Оның «1916жыл»,»Екіталай»,»Күндеспейтін қатын»,т.б. пьесалары бойынша қойылған спектакльдері (реж. Ж.Шанин) Қызылордада ашылған Қазақ драма театрының репертуарын жаңа шығармалармен толықгырды. 1938 ж. саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *