АБЫЛ Тілеуұлы (1777. Маңғыстау -1864, Маңғыстау, Қаратөбе) -ақын.ӘкесініңесіміТілеу, атасының есімі -Өтембет. Ақын жырлары Қарақалпақстан, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан, Түркиядағы қазақтардың арасына кеңінен таралған. Шығармаларының арқауы адамгершілік, ерлік, елдікті дәріптеу. Хиуа ханына қарсы соғысқан қазақ батырларын жырға қосқан. «Сексеннің біз де келдік жетеуіне», «Отырған қарсы алдымда Қанымайым», «Қар жауар күн-түн оның қабағынан», «Сүйінқараны жоқтау», «Құлбарақ батырға», «Арғымақ атта сын болмас»,»Естірту», «Кәрілік» т.б. толғаулары -өмір мәнін, сырын бейнелейтін өсиетті, өнегелі жырлар. А сонымен қатар айтыс өнерінің де шебері болған. Оның «Балдай қызбен айтысы», «Нұрымды сынауы», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы», «Шерниязбен кездесуі» сияқты айтыстары бар. Ол
«Қырымның қырықбатыры» дастандарын да жырлаған. Алғаш баспасөзде жарияланған толғауы -«Арғымақ атта сын болмас» (1924. Ташкент. «Сана» No 2. 3) А. толғаулары»Ертедегіәдебиетнұсқалары» (1957), «Ақберен» (1972),»Өсиетнама» (1982),»19 ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «Бес ғасыр жырлайды»,»Жырдария» (1995) жинақтарында жарияланған.