АБДУЛХАЙ Мұхаммади (1901. Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Байсейіта. -1937) -ақын. 1919-26 ж. Ташкент, Мәскеу жоғары оқу орындарында білім алып, Орта Азия ун-тінде оқытушы болған. Ұйғыр балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Өлеңдері 20 ғ-дың 20-жылдарынан жариялана бастаған. «Балаларға сыйлық» (1934, Н.Исраиловпен бірге), «Жас гүлдер» (1935) жинақтары жарық көрген. «Революцияшыл Шығыс» альманағын басқара жүріп, А.Розыбакиевпен бірге «Алғашқы адым» жинағын шығарған.