ИТЕМБАЕВ Нұрғали (1888, Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Керегетас а. -1936. сонда) -ақын. Ауыл молдасынан оқып хат таныған. Жиырма бес жасында Арқаға аты мәлім Қонысбай ақынмен айтысқан. «Әйел теңдігі туралы», «Оқыңдар жасың, кәріңде», т.б. өлең-жырлары бар. 1920 -30 ж. Т.Қалмағанбетовпен, Т.Ізтілеуовпен, Жеңсікбай ақынмен айтысқан. Н.төкпе ақындығымен қатар асқақ әнші, шебер күйші болған.