ИСКӘНДЕРОВ Изим (1906. Алматы обл. Ұйғыр ауд. Авата. -1970) -ақын, аудармашы. Мектепте мұғалім, баспасөз органдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. Ақынның жеті жинағы және «Ұйғыр қызы», «Хан тәңірі», Гудок» поэмалары жарық көрген. Татар ақыны Ғ.Тоқай, қазақ ақыны Т.Жароков, т.б. ақындар шығармаларын ұйғыр тіліне аударған. «Қазақ КСР-інің еңб. сің. мұғалімі» атағы берілген.