(16.6.1932. ҚХР, Құлжа аймағы, Шипанзе ауд. -14.6.2003) -ақын. 1950 ж. мектепте мұғалім, 1952 ж. Құлжаға қ-нда обл. әкімш-те кадрлар бөлімін басқарған. 1955 ж. Қазақстанға қоныс аударған. Жаркент пед. уч-щесін бітірген (1957). Панфилов ауд-ндағы Кіші Шыған мектебінде мұғалім, 1960-75 ж, осы мектептің директоры, 1981 -91 ж. сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы қызметін атқарған. Алғашқы өлеңдері «Іле», «Шыңжаң үнжариясы» жинақтарында жарияланған. 30-дан астам ән шығарған. Әндері «Жастық шақ әуендері», «Ән шырқайық» ұжымдық жинақтарына енген. «Тау гүлі» (1979), «Мөлдір бұлақ» (1977), «Жердегі жазулар» (1975), «Сырлы дүние» (1982) кітаптары жарық көрген.