ИСАБЕКОВ Дулат (20.12.1942 жт.. Оңт. Қазақстан обл. Сайрам ауд.) -жазушы, драматург. ҚазҰУ-ды бітірген (1966). 1967-68 ж. ҚР Телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемл. к-тте аға редактор, 1968 -70 ж. Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғыл. редактор. 1971-76 ж. «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1976 -80 ж. «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі, 1980-88 ж. ҚР Мәдениет мин. репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы. 1988 -92 ж. Қазақ теледидарының бас редакторы. «Жазушы» баспасының директоры. 1992 -95 ж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін атқарған. 1998 жылдан ҚР Мәдениеттану және өнертану ғыл.-зерт. ин-тының директоры.
Алғашқы әңгімесі «Замандастар» жинағындажарияланған(1963). «Бекет» (1966), Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер» (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы, «Екі жиырма» таңдамалы повестері (1983), «Жеті желкен» пьесалар жинағы (1987) жарық көрген. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып,»Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979),»Смятение» (1986),»Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылып шықты. И-тің «Ректордың қабылдау күндері» (1975),»Әпке» (1977), «Ертеңгі күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982),»Алыстан келген ананас» (1984),»Кішкентай ауыл» (1986),»Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», т.б. пьесалары респ., обл. театр сахналарында қойылған. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарық көрген. Гауһар тас» (реж. Ш.Бейсембаев, 1975), «Дермене» (реж. А.Әшімов, 1986), «Тауқымет» (реж. Ұ.Қолдауова) туындылары бойынша көркем фильмдер түсірілген. ҚР мемл. сыйл. (1992), Халықар. ПЕН клубы сыйл. (1996) лауреаты, «Құрмет» орденімен марапатталған.